Ақтөбе облысында тұрғындардан 11 дана заңсыз қару-жарақ анықталды
Ақтөбе облысында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысының аумағында жедел жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау мақсатында 2021 жылғы 1-15 ақпан аралығында іс-шара өткізілуде.
Ақтөбе облысында 8 400-ден астам азаматтық атыс қару иелері тіркелген, оларды учаскелік полиция инспекторлары тексереді.
Жедел-алдын алу іс-шарасы аясында бір күнде 26 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде қаруды заңсыз сақтау – үш, қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін – 17 және қаруды тіркеу ережелерін бұзғаны үшін – алты адам анықталды.
Заңсыз айналымнан барлығы 11 дана заңсыз қару-жарақ алынды, оның ішінде:
– үш бірлік атыс қаруы
– жеті дана суық қару (пышақ)
– тегіс ұңғылы қаруға бір дана патрон.
Полиция департаменті заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын хабарлайды.