Шымкентте жол-көлік оқиғасын тудырған жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Шымкентте жол-көлік оқиғасын тудырған жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 1 ақпан күні Еңбекші ауданында Тауке хан даңғылы мен Адырбеков көшесінің қиылысында «Тойота Виш» және «Газель» автокөліктері соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына жедел жеткен Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасының себебін анықтап, «Газель» автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігі (Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.