Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде ұрлық дерегін анықтады

Қарағандыда полицейлер әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде ұрлық дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың 29 желтоқсанында Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде ұрлық фактісін анықтады.

Әлеуметтік желіні пайдаланушының парақшасына салынған бейнежазбада сауда үйлерінің бірінде белгісіз бір әйелдің балаларға арналған заттарды ұрлаған сәті көрсетілген.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасаған күдіктіні анықтап, оны 2 ақпанда ұстады.

Күдікті 44 жастағы қала тұрғыны болып табылады. Аталған азаматша кінәсін мойындады, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері ұсталған азаматшаның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру