Қарағандыда бөтен біреудің пәтеріне ұрлыққа түскен азаматша құнды заттарды қолды қылған
Қарағандыда пәтер ұрлығымен айналысқан азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 51 жастағы қала тұрғыны шағымданған. Жәбірленуші арызында өзінің үйіне белгісіз біреудің заңсыз кіріп, ұялы телефонын, қол сағатын және 20 мың теңге ақшасын ұрлап кеткенін айтқан. Келтірілген шығын көлемі 60 мың теңгені құрады.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
4 ақпан күні криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 39 жастағы азаматша анықталып, ұсталды. Ол қылмысын мойындап, одан айғақ заттар тәркіленді.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.