Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер спорттық сайысқа түсті

Ақтөбеде КА-168/2 түзеу мекемесінің жазасын өтеуші сотталғандары спорттық сайысқа түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/2 түзеу мекемесі сотталғандар арасында "Қысқы спартакиада-2021" спорттық іс-шараларын өткізді.

Мекеменің тәрбиелік іс-шаралар жоспарына сай, жазасын өтеуші сотталғандардың денсаулығын сауықтыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған спорттық жарыста сотталғандар шаңғы тебу, шағын футбол, шахмат, тоғыз қомалақ, теннис және дойбыдан сайысқа түсті.

- Іс-шараның мақсаты - жазасын өтеуші сотталғандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, - дейді КА-168/2 түзеу мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысы бөлімінің жасақ бастығы Тимур Ишмухамедов.

Спорттық жарыстарға белсенді қатысқан жеңімпаз сотталғандар мекеме басшылығының атынан алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру