Шымкент полицейлері контрабандалық алкогольді ішімдіктер сақталған қойманы тапты
Шымкент полицейлері контрабандалық алкогольді ішімдіктер сақталған қойманы тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы және Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Тельман ықшам ауданында контрабандалық алкогольді ішімдіктерді сақтаған қойманы анықтады.
Қоймадан 150 қорап алкогольді ішімдіктер тәркіленіп алынды. Олардың әрбіреуі шамамен 10 мың-15 мың теңгеден тұратын алкогольді өнімдер.
Аталған жайт бойынша жинақталған құжаттар тиісті мекемеге жолданды.