Шымкентте контрабандалық сұйықтық өнімдерін сақтаған қойма анықталды
Шымкентте контрабандалық сұйықтық өнімдерін сақтаған қойма анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы және Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері кәсіби жұмысының арқасында қаладағы базарлардың бірінде контрабандалық автокөлік қозғалтқышының салқындату жүйесіне арналған сұйықтық (тосол-антифриз) өнімдерін сақтаған қойманы анықтады.
Қойманың ішінде сұйықтық (тосол-антифриз) өнімдері бар 10 литрлік 10 дана канистра және бір кубтық жеті бөшке тәркіленіп алынды.
Аталған жайт бойынша жинақталған құжаттар тиісті мекемеге жолданды.