Құқық бұзған шымкенттіктер жауапқа тартылды
1-7 ақпан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына түрлі сипаттағы 6 900 қоңырау келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен жеті қылмыс ашылды. Айта кетейік, бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмысты ізін суытпай ашуға үлкен көмек көрсетеді.
Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидаты және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 919 факті анықталды: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) – 18 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда мас күйінде болу) – 37, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) – 30, жол қозғалысы ережелерін бұзу 721 және өзге де құқық бұзушылықтар.