Түркістан облысында полиция бөлімінің басшылары өткен жыл бойынша есеп беруде
Түркістан облысында полиция бөлімінің басшылары өткен жыл бойынша есеп беруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың ақпан айында Ордабасы АПБ мәжіліс залында карантин талаптарын сақтай отырып, Ордабасы АПБ-ның бастығы Ғалымжан Қуашбаев 2020 жылдың 12 айында атқарған жедел-қызметтік жұмыстарының қорытынды есебін өткізді. Аталған жиынға ТО ПД КПБ бастығы Бурханов Аман қатысты.
Ордабасы ауданында 2020 жылы жалпы тіркелген қылмыстар саны 27,3 пайызға төмендеген. Мәселен, 2019 жылы 433 қылмыс тіркелген болса, 2020 жылы 315 жайтқа азайған. Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы 175-тен 75-ке, яғни – 57,1 пайызға кеміп отыр. Оның ішінде пәтер ұрлығы 43-тен 17-ге, яғни – 60,5 пайызға, мал ұрлығы 46-дан 8-ге, -82,6 пайызға төмендеп отыр.
Алаяқтық қылмысының тіркелуі 49-дан 43-ке түсіп, 12,2%-ға төмендеп, ашылым көрсеткіші 100,0% құрайды. Тонау қылмысының тіркелуі 70,0 пайызға өсіп, 1-ден 8-ге өскенімен, ашылымы 100,0 %-ды құрап отыр.
Қарақшылық қылмысы бойынша биылғы жылы қылмыс тіркелмеген. Ал, жалпы бұзақылық қылмыстарының тіркелуі – 23,8 пайызға азайып, 18-ден 13-ке кеміген.
Осындай есеп беру жиыны Келес ауданында да болып өтті. Аталған жиынға Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмас Тастанбеков қатысты. Мұнда Келес АПБ-ның бастығы Болат Қаныбеков 2020 жылдың 12 айында атқарылған жедел қызметтік жұмыстарының қорытынды есебін берді. Өткен жылға қорытынды жасау барысында, орын алған қылмыстардың жай-күйіне баяндама жасалды. Онда 2020 жылдың 12 айында аудан көлемінде жалпы 332 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, -5,7 пайызға төмендеген. Оның ішінде орта дәрежелі қылмыстар саны өткен жылға қарағанда – 29,4 пайызға төмендеп, 125 қылмыс тіркелген. Онша ауыр емес қылмыстар бойынша – 23,1 пайызға азайса, ашылуы 94,4 пайызға өсіп отыр.
Жиын соңында А.Бурханов пен А.Тастанбеков полиция бөлімдерінің 2020 жылы атқарған қызметіне оңды баға беріп, жеке құрам қызметкерлерінің ұсыныс-пікілерін тыңдады. Сонымен қатар қылмыстарды болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселесіне де тоқтала кетті. Сондай-ақ жеке құрамға өздерінің алғыстарын білдірді.