Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңақорғанда бір бас қойды қолды еткен ұры ұсталды

Жаңақорғанда полицейлер бір бас қойды қолды еткен ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 ақпан күні Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылының тұрғыны ауласындағы мал қорасынан бір бас қойының ұрлағандығы туралы полицияға арызданған.

Бұл факт бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мал ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады. Ол осы ауылдың 26 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда ұсталған адамның басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. 

Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігімен (Мал ұрлау) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру