Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен онлайн кездесулер өткізуде

Алматы қаласының полицейлері ПИК төрағаларымен онлайн кездесулер өткізуді жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл жиналыстар ZOOM платформасы арқылы өткізіледі.

– Алдыңғы күні Алмалы және Алатау аудандары кооперативтерінің өкілдерімен кездесу өтті, әрі қарай бұл эстафетаны Бостандық және Әуезов аудандарындағы ПИК төрағалары қабылдады. Ең алдымен қауіпсіздік мәселелерін, оның ішінде жол қауіпсіздігін талқыладық. Мәселен, қаланың орталық бөлігінде орналасқан ПИК төрағаларын, әсіресе, аулалардағы көлік құралдарының тұрақ мәселесі және тұрғын үй аумағында бейнебақылау камераларын орнату мәселелері алаңдатады. Шаһардың көп қабатты үйлер көп орналасқан бөлігіндегі кооперативтердің өкілдері есірткінің трафареттік жарнамасын салу фактілері туралы хабарлады. Кездесулердің қорытындысы бойынша учаскелік инспекторлардың рөлін күшейту туралы шешім қабылданды, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар, Полиция департаментінде ПИК төрағаларының учаскелік полицейлердің «Facebook» әлеуметтік желісіне және тұрғындардың ортақ чаттарына қосылуын жоғары бағалайтынын атап өтті.

Олардың айтуынша, бұл азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беріп, қалыптасқан ахуалды біліп отыруға мүмкіндік береді.

– Қоғаммен, оның ішінде ПИК төрағаларымен тығыз өзара іс-қимыл жасасу тәжірибесі оң тенденцияға ие және әрі қарай да жалғасатын болады, – деді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру