Қызылордада мал ұрлығына қатысы бар күдікті әшкереленді
Қызылорда облысының ПД Жалағаш ауданының ПБ криминалисі мал ұрлығына қатысы бар күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 1 ақпаны күні Жалағаш ауданы Еңбекші ауылының тұрғыны үйінің ауласынан бір бас қойының ұрланғандығы туралы полицияға арызданды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жалағаш аудандық полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық тобының аға криминалисі Қанат Үсейнов қылмыс орнынан анықталған автокөлік ізін зерттеу арқылы күдіктінің автокөлігін анықтап, орын алған қылмыстың дер кезінде ашылуына септігін тигізді.
Тәртіп сақшылары қабылдаған шаралардың нәтижесінде осы қылмысты жасауға күдікті ретінде облыс орталығының тұрғыны ұсталды. Ол өзінің істеген іс-әрекетін мойындап, ұрланған қой иесіне қайтарылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігімен (Мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.