Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мал ұрлығына қатысы бар күдікті әшкереленді

Қызылорда облысының ПД Жалағаш ауданының ПБ криминалисі мал ұрлығына қатысы бар күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 ​жылдың 1 ақпаны күні Жалағаш ауданы Еңбекші ауылының тұрғыны үйінің ауласынан бір бас қойының ұрланғандығы туралы полицияға арызданды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жалағаш аудандық полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық тобының аға криминалисі Қанат Үсейнов қылмыс орнынан анықталған автокөлік ізін зерттеу арқылы күдіктінің автокөлігін анықтап, орын алған қылмыстың дер кезінде ашылуына септігін тигізді.​

Тәртіп сақшылары қабылдаған шаралардың нәтижесінде осы қылмысты жасауға күдікті ретінде облыс орталығының тұрғыны ұсталды. Ол өзінің істеген іс-әрекетін мойындап, ұрланған қой иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігімен (Мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру