Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері мұнарадан секірмек болған жасөспірімді құтқарып алды

Алматы облысының полицейлері мұнарадан секірмек болған жасөспірімді құтқарып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы Қаратал ауданы ПБ “Бүркіт-287” патрульдік экипажы Үштөбе қаласының тұрғыны, 17 жастағы жасөспірімнің өмірін сақтап қалды. Кәмелетке толмаған жасөспірім ағымдағы жылдың 5-6 ақпанына қараған түні теміржол депосында орналасқан 50 метрлік мұнарадан секіруге тырысты.

– Алдымен полиция қызметкерлері Нұрман Омаров пен Мақсұт Мұхамадиевтің жасөспіріммен диалог құруға тырысты. Ол байланысқа келмей қарсылық көрсеткен. Нәтижесінде полиция лейтенанты Нұрман Умаров жағдайды өз қолына алды: ол жақын тұрған мұнараға көтеріліп, көпір бойымен жүріп өтіп, қолына темекіні тапсырмақ болған, – деді Қаратал АПБ бастығы Рауан Әбдірайымов.

Кадрларда 17 жастағы тұрғынның батыл қимылдағаны байқалады. Бірақ 20 минуттық келіссөздерден кейін жас жігіт сәтті құтқарылып, қауіпсіз аймаққа жеткізілді.

– Бүгінде жасөспірімнің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Онымен ювеналды полиция қызметкерлері мен психологтардың қатысуымен профилактикалық әңгімелер жүргізіледі. Ал ата-аналарға қатысты ҚР ӘҚБтК – нің 127-бабы және ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша екі хаттама жасалды, яғни кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта көшеде болғаны үшін және ата-ана құқықтарының тиісінше орындалмауы, – деп өз сөзін толықтырды Әбдірайымов.

– Бізге қоңырау келіп түсті, біз баланы құтқаруға бардық. Біздің әрбір әріптесіміз осындай жағдайба мақсатымыз адам өмірін сақтау! Біз әдетте айтқандай: Қазақстан Республикасына және халыққа қызмет етеміз!,- деді Қаратал АПБ 287 бортының патрульдік полицейі Нұрман Омаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру