Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаштық полицейлер батпаққа батқан жылқыны құтқарды

Сарыағаштық полицейлер батпаққа батқан жылқыны құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары, өздеріне бекітілген аумақта профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Жүргізу барысында мынадай оқиғаға тап болады. Ауыл шетіндегі егістік алқаптың маңында шамамен екі жасар жылқының арыққа құлап, батпақтан шыға алмай жатқанын көреді. Содан полицейлер жылқының жанына келіп, оны шығарып алудың жолдарын қарастырады. Нәтижесінде полиция қызметкерлері жарты сағат ішінде ауыл тұрғындарымен бірге арқанның көмегімен тартып шығарады.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға жайылымда жүрген малдарын күнделікті мұқият қарауларын ескертеді. Сондай-ақ халықтың амандығы мен тыныштығын сақтауда, полицейлер әрқашан алғы шепте жүреді. Тәртіп сақшыларының басты міндеттерінің бірі – халықтың қорғаны, қорғаушы болу. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру