Аудан тұрғыны қызылордалық полицейге алғысын білдірді
Қызылорда облысының тұрғыны малын тауып берген тәртіп сақшыларына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылы Бахыт Тайшыбаевтың Жалағаш ауданының Жаңадария ауылынан батысқа қарай шамамен үш шақырым жерде өз бетінше жайылып жүрген сиырын белгісіз біреулер жасырын жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалаған болатын.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен (Мал ұрлау) қылмыстық іс қозғалған.
Аталған факт бойынша Жалағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған қылмысты жасаған кінәлі тұлғалар анықталып, жәбірленушінің ұрланған малы табылған еді.
Қазіргі таңда қылмыстық іс шешім қабылдау үшін сотқа жолданып, күдікті азаматтар тиісті жазаларын алды.
Малы табылып, көңілі жайланған аудан тұрғыны полицейлерге бейнежазба арқылы алғысын жолдады.