Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері донорлық қан тапсырды
2021 жылғы 11 ақпан күні Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері қан компоненттеріне мұқтаж жандарға арнап қан тапсырып, қайырымды істер қатарын толықтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Донорлық қан тапсыруға ниет білдіргендер медициналық тексеруден өтеді. Оларға қан тапсыруға қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда ғана қан тапсыруға рұқсат етіледі. Әр донордан 450 мл шамасында қан алынады. Қан тапсыру процедурасы бар-жоғы 20 минутқа созылады.
– «Бір донор – бір өмір» деп бекер айтылмаса керек және осы іс-әрекетіміз біреудің анасының, әкесінің, баласының немесе ағасының өмірін құтқарып қалатынына сенімдіміз және барлық азаматтарды осындай қайырымды іс жасап, көмекке мұқтаж жандарға көмектесуге шақырамыз, – деді Департамент бастығының орынбасары М.Нәкенов.
Айта кетерлік жайт, мұндай акция ҚАЖД қызметкерлері үшін игі дәстүрге айналған және жүйелі түрде өткізіліп отырады.