Шымкентте карантин талаптарын сақтамаған асхана анықталды
Шымкентте карантин талаптарын сақтамаған асхана анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағындағы кәсіпкерлік нысандарда карантин шектеулерінің сақталуын бақылау мақсатында мобильді топ құрамында мониторинг жұмыстарын жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 12 ақпанында сағат 16:00 шамасында Шымкент қаласы Маделі қожа көшесінің бойында орналасқан "Аппетитница" асханасы карантиндік талаптарды бұзып, адамдардың көп шоғырлануына жол беріп, жиын жасап жатқаны, сондай-ақ асхана қызметкерлері медициналық бетпердесіз қызмет көрсетіп жүргендері анықталды.
Аталған жайт бойынша асхана әкімшісінен түсініктеме алынып, тиісті шара қолданылды.