Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда тұрғыны тәртіп сақшыларына алғысын білдірді

Қызылорда қаласының тұрғыны Майра Калидуллина Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған азаматша қаңтар айында полицейлерге алаяқтық фактісі бойынша арызданған.Оның айтуынша, алаяқ сеніміне кіріп, алдау жолымен 200 000 мың теңге шығын келтірген.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 1 ақпан күні жәбірленушіге келтірілген шығын толық қайтарылған.

Ақшасы қайтарылған тұрғын полицейлерге алғысын білдірді.

– 20 қаңтар күні мен Полиция басқармасына алаяқтық фактісі бойынша онлайн арыздандым. 1 ақпан күні келтірілген материалдық шығын толық өтелді. Бұл мен үшін күтпеген жағдай болды. Полиция қызметкерлерінің дереу арызым бойынша шаралар қабылдап, алаяқты қолға түсіргендері олардың кәсіби шеберліктерін көрсетті. Ал, мен болсам білікті мамандарға алғыс айтқым келеді. Олардың отбасына береке, байлық тілеп, жұлдыздарыңыз көбейе берсін демекпін! – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру