Ордабасылық полицейлер мектеп оқушыларымен кездесу өткізді
Түркістан облысының полицейлері жасөспірімдер арасындағы қылмысты алдын алу мақсатында мектеп оқушыларымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасылық полицейлер өзгелерге үлгі боларлық, мән-маңызы жоғары іс-шара ұйымдастырып, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алып, болдырмау мақсатында кездесу өткізді. Жиында тәртіп сақшылары ата-аналар, жоғары сынып оқушыларымен тілдесіп, қылмыссыз қоғам орнатуға қатысты әңгімелер өрбітті.
Аудандық полиция бөлімінде карантин талаптары сақтала отырып өткізілген іс-шара барысында, Ордабасы АПБ ЖПҚБ ювеналды полиция тобының инспекторлары және бөлім бастығының бірінші орынбасары Н.Мұратов, Ордабасы ауданы Темірлан елдімекенінің бірқатар 11-сынып оқушылары және ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Полицейлердің ел тыныштығы жолында атқарып жатқан жұмыстарына қолдау білдіріп, қандай да бір тәртіпсіздік, теріс қылық жасамауға кеңес берді. Ең бастысы әрбір ата-ана мен ұл-қыздары арасында тығыз байланыс болу керектігі түсіндірілді. Кез келген әке-шеше перзенттерінің араласатын ортасын білуі керектігі айтылды.
Оған қоса, оқушыларға полиция бөлімінде орналасқан уақытша ұстау изоляторы көрсетілді. Мұндағы мақсат – құқық бұзып, заңға қайшы әрекеттер істеп, қылмыс жасаған азаматтардың қамауға алынатынын ұғындыру. Жасөспірімдерді барынша жаманнан жирендіру, жақсыға баулу болып табылады.
Өз кезегінде ұлт болашағы жастардың тәрбиесіне алаңдаушылық танытқан полицейлерге, оқушылар мен тұрғындар алғыстарын білдірді. Өздерінің сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды. Полицейлер мен оқушылар, ата-аналар арасында ашық сұхбат өрбіді.
Жалпы ордабасылық тәртіп сақшылары бұл бағыттағы жұмыстар үнемі өткізіліп тұратынын жеткізді.