Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аралда пробация есебіндегі сотталған азаматтармен кездесу өткізілді

Қызылорда облысының Арал ауданында пробация есебіне қойылған  сотталған азаматтармен кездесу ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арал аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында аудандық пробация қызметінің есебіндегі қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталған азаматтармен кездесу өтті. Кездесуге аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Н.Тасқынбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Ж.Утегенов және Жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.

Кездесу барысында сотталған азаматтарға жаза өтеу барысында сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібі түсіндірілді.

Сонымен қоса Жастар ресурстық орталығының мамандары пробация есебіндегі 29 жасқа дейінгі азаматтарға орталық тарапынан әлеуметтік-құқықтық, психологиялық көмек, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру бойынша тиісті көмектер көрсетілетінін жеткізді.

Жиын соңында сотталған азаматтар сала мамандарына сұрақтарын қойып, өз сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.

– Жастармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық кеңес беру, жастарға ой салу және жасаған қылмыстарын қайталамауға ықпал ету мақсатында өткізілген кездесуге пробация есебіндегі 29 жасқа дейінгі 13 сотталған азамат қатысты. Аудандық жастар ресустық орталығымен меморандум бар. Алдағы уақытта осы меморандум аясында пробация есебінде тұрған азаматтарды спорттық шараларға тартып, көмек түрлерін көрсетіп, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыратын боламыз, – деді аудандық пробация қызметінің бастығы С.Сейталиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру