Ақтөбе облысында ЖҚЕ бұзғандарды полицейлер анықтауда
Ақтөбе облысында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілетін болады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысының аумағында жүргізушілер арасында жол-көлік тәртібінің алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 17-19 ақпан аралығында жол қауіпсіздігіне әсер ететін ЖҚЕ өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілетін болады.
Іс-шара шеңберінде республикалық маңызы бар автожолдарда «Қазавтожол» ҰК АҚ, «Қазақавтожол» ЖШС және денсаулық сақтау өкілдерінің қатысуымен жол қозғалысына қатысушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, авариялық-қауіпті учаскелердің карталарын, сервистік қызмет көрсету орындарын, трассалық медициналық-құтқару пункттерін және т. б. бейнеленген буклеттер, жадынамалар тарату арқылы «Жолдағы қабылдауды» өткізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, әкімшілік полиция бөлімшелері атқарушылық іс жүргізу органдарымен бірлесіп борышкерлерді анықтау бойынша оларға айыппұлдарды мәжбүрлеп орындау шараларын қолдана отырып, рейдтік іс-шаралар жүргізетін болады.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР ЖҚЕ сақтауға, жол қозғалысына жауапты болуға және жолдарда өмірі мен денсаулығын жоғалтқандарды еске алуға шақырады.