Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаяу жүргіншіні қағып кеткен ақтөбелік жүргізушіге қатысты тергеу жүргізілуде

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Ақтөбе облысы бойынша 38 жол-көлік оқиғасы тіркелген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір айда бес адам қаза тауып, 55 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды. Жаяу жүргіншілердің кінәсінен 10 жол-көлік оқиғасы орын алды.

Жол апаттарының негізгі себептері бұрынғысынша жылдамдық режимін сақтамау, қарсы жолаққа шығу, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің жүріс бөлігі арқылы өту ережелерін бұзуы болып табылады.

Осындай оқиғалардың бірі, 14 ақпанда «ВАЗ-211440» автокөлігінің жүргізушісі Едіге батыр даңғылымен жүріп өтіп бара жатып, 22 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.

ЖКО фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жаяу жүргіншілерден жол ережесін қатаң сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру