Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте кезекті той анықталды

Шымкентте тойхана иесі карантинді бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында құрылған мобильді топпен бірлесіп, тұрақты түрде мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Ағымдағы жылдың 14 ақпанында сағат 16:00 шамасында рейдтік шара барысында Абай ауданы Аль-Фараби көшесі бойында орналасқан “Омар ата” мейрамханасы карантиндік шектеулерді бұзып, адамдардың көп шоғырлануына жол беріп, жиын өткізіп жатқаны анықталды. Аталған жайт бойынша жинақталған құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабымен тиісті шара қолдану үшін Абай ауданы Тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру