"Шай-кофе": караоке-бар қызметкерлері шетелдік клиенттерге интимдік қызмет көрсетті
Алматыда караоке-бар қызметкерлері шетелдік клиенттерге интимдік қызмет көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның караоке-барға баруы алдыңғы түнгі сағат он бірлер шамасында болды. Қызу өмір темір есіктердің арғы жағында жүріп жатты: жеңіл жүрісті 18 әйел келушілердің көңілін көтерді, олардың екеуі - Оңтүстік Корея азаматтары және тағы біреуі - Өзбекстаннан.
- Бар шәй-кофе жүйесіне сәйкес жұмыс істейді. Егер клиент кіре берісте "шәй" алғысы келсе, демек, бар қызметкерлері ақшалай сыйақы үшін олардың демалыстары біткенше қасында серіктес болады. Сонымен қатар, "кофе" караоке-бардан тыс жерде ақшалай сыйақы үшін интимді қызметтерді көрсетуді білдіреді. Мекемені екі әкімші басқарды - 1989 жылы туған Ц.есімді азаматша және 1987 жылы туған С.есімді азаматша. Осы арнайы іс-шараның нәтижесінде ПД-на барлығы екі әкімші, интимдік қызмет көрсететін 18 әйел, оның біреуі Ресей Федерациясының азаматшасы, сонымен қатар, үш шетелдік клиент жеткізілді. Әрқайсысының іс-әрекетіне заңдық баға беріліп, заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады, - деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.