Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантинге қарамастан жұмыс жасаған ойынхана анықталды

Шымкентте карантинге қарамастан жұмыс жасаған ойынхана анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында тұрақты түрде рейдтік жұмыстар атқаруда. Мәселен, №22 учаскелік полиция пункті қызметкерлері рейдттік іс-шара барысында Шымкент қаласы Қазыбек би көшесінде №205 үйде орналасқан "Спорт бар" ойынханасының жұмыс жасап тұрғанын анықтады. Аталған жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша жинақталған іс-құжаттар жинақталып, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға тұрақты түрде карантин талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Полицейлер үнемі бетперделік режим мен арақашықтықты сақтауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру