Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында патрульдік полиция қызметкерлері жас ананы үйіне жеткізіп салды

Балқаш ауданының патрульдік полиция қызметкерлері  жанында жас баласы бар анаға қол ұшын созып, үйіне жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балқаш ауданының тұрғыны Аят Қыраубаев жергілікті полиция бөлімінің басшылығына әлеуметтік желілер арқылы өз алғысын жолдаған. Ол алғысында жас баласын жетектеп, дүкеннен азық-түлік алып келе жатқан жұбайын үйге жеткізіп тастаған тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірген.

Оқиға 17 ақпан күні Бақанас ауылында болған. Әкімшілік аумақты автопатрульдеу кезінде патрульдік полиция инспекторы Біржан Сейткер көше бойында кішкентай баланы ертіп, ауыр жүк алып келе жатқан әйелді байқаған. Тәртіп сақшылары күннің күрт жылынуына байланысты еріген қар баланың жүрісін қиындатқанын байқаған. Ауыр жүк пен бүлдіршін ыңғайсыздық тудырған ана көмекке зәру еді.

– Бізге 278-борт құрамындағы полицейлер тарапынан көрсетілген қамқорлыққа алғысын білдірген жергілікті тұрғынның жазбасы келіп түсті. «Қолжетімді» полиция» қағидатын жүзеге асыру мақсатында әрбір тәртіп сақшысы қолынан келгенше жергілікті тұрғындарға көмек көрсетіп отырады. Біз халықтың алғысына бөленген әрбір қызметкеріміз үшін мақтанамыз, – деді Балқаш ауданының ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Азамат Әбдрахманов.

Аудандық полиция бөлімінің басшылығы тікелей эфирдегі онлайн кездесу кезінде тұрғындардың полицейлердің жұмыстарына жоғары баға беретіндігін, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру