Шымкентте карантин кезінде жұмыс жасаған ойынхана анықталды
Шымкентте карантин кезінде жұмыс жасаған ойынхана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Профилатикалық-рейдтік шараларды жүргізу барысында, карантинге қарамастан келушілерге қызмет көрсеткен компьютерлік ойынхана анықталды. Ағымдағы жылы 19 ақпан күні сағат 22:51 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Байтұрсынов көшесі бойында орналасқан компьютерлік ойынхананың жасырын жұмыс жасап тұрғанын анықтады. Осыған сәйкес карантин режимін және шектеу шараларын сақтамағаны үшін іс-құжаттар рәсімделді.
Анықталған құқық бұзушылық жайтына қатысты, нысан иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша жинақталған материалдар Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданған. Жалпы, тәртіп сақшылары тұрғындарға тұрақты түрде карантин талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Айта кетейік, 2020 жылы Әл-Фараби ауданы аумағында мыңға жуық ғимаратқа карантин режимінің сақталуы бойынша тексерулер жүргізілген. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша жалпы 400-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оларға нақты шара көру үшін Әл-Фараби аудандық Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-қағаздар жолданған.