Павлодарлық азамат көлігін белгіленбеген жерде қалдырғаны үшін айыппұл төлейді
Павлодар облысында жыл басынан бері көлігін белгіленбеген жерде қалдырған 223 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өз көліктерін белгіленбеген жерлерде қалдыра отырып, азаматтар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туғызып қана қоймайды, жолдарда апатты жағдайлар туғызады және жедел жәрдем, өрт сөндірушілер, құтқарушылар сияқты маңызды қызметтердің көліктерінің өтуіне елеулі кедергі болады.
– 2021 жылы Павлодар облысында өз көліктерін белгіленбеген жерлерде қалдырған 223 құқық бұзушы анықталды – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.
Ғалым Дүйсенұлының айтуынша, 18 ақпанда «Hyundai» маркалы автокөліктің жүргізушісі өз көлігін Торайғыров көшесіндегі дүкеннің жанында қалдырған, бұл басқа көліктердің қозғалысына кедергі тудырған. Жолдан өте алмай ашуланған басқа көліктердің жүргізушілері полицияға қоңырау шалған. Аталған көліктің жүргізушісі полицияға өз әрекетін біраз уақытқа сауда жасауға шыққанымен және жол қозғалысының басқа қатысушылары туралы мүлдем ойланбауымен түсіндірді.
Жүргізушіге қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы (Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.