Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер “Квадрат”жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді

Қызылордада полицейлер “Квадрат”жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері Ақсай ПБ жанындағы №5 учаскелік полиция бекетінің аумағында “Квадрат” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Профилактикалық іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, патрульдеуді жүзеге асыру, профилактикалық есепте тұрған адамдарды тексеру, шағын және орта бизнес иелерінің заңмен белгіленген уақыттан тыс уақыт аралығында алкоголь өнімін сату деректерін, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болу фактілерін анықтау болып табылады.

Тұрғындардың мекен жайларын аралау кезінде жергілікті тұрғындарға осы әкімшілік аймаққа жауапты учаскелік полиция инспекторларының аты-жөндері, қызметтік және ұялы байланыс телефондары көрсетілген визиткалар таратылды.

Айта кету керек, әкімшілік аумақта 38 726 адам тұрады. Іс-шара барысында профилактикалық есепте тұрған 136 адамның 13-і мекенжайы бойынша тексерілді. Олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Тұрғылықты жері бойынша азаматтық қарудың 78 иесі тексерілді.
Алкогольге тәуелді азаматтардың жиналуы мүмкін жерлер тексеріліп, іс-шара барысында 34 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды.

Алкоголь өнімін жиырма бір жасқа дейінгі тұлғаларға сатқаны үшін үш сатушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтың төрт дерегі анықталды.

Бұдан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) 23 құқық бұзушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы бойынша (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды тіркеу (қайта тіркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) 1 құқық бұзушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда тиісу) 1 құқық бұзушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша (Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) 2 құқық бұзушылық анықталды және барлық құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар ресімделді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру