Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде есепте тұрғандар қарттар үйінің ауласын қардан тазартты

Ақтөбеде пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар қарттар үйінің ауласын қардан тазартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Шалқар аудандық пробация қызметінде есепте тұрған алты сотталған-волонтер аудандағы қарттар үйінің ауласын қардан тазартып берді. Аталған қайырымдылық іс-шарасын Шалқар аудандық пробация қызметі ұйымдастырды.

Пробация қызметкерлерінің айтуынша, аталған іс- шараны ұйымдастырудағы мақсат- есепте тұрған сотталған азаматтарды осындай қайырымдылық істерге қатыстыру арқылы оларды қоғамнан оқшауламай, қоғамға бейімдеу.

– Қазіргі уақытта ауа райы құбылып тұрғандықтан, қарттар үйінің ауласындағы көктайғақтың салдары қарттарымызға ғимаратқа кіріп-шығуға қиындық туғызады. Осыны ескеріп, сотталған азаматтарды ізгі іс шараға жұмылдырғанды жөн көрдік.
Жалпы, Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың арасында осындай қайырымды сотталған- волонтерлардың бар болғаны бізді қуантады. Сонымен қатар, бұндай ізгі іс-шаралардың есепте тұрған сотталғандардың санасына мейірімділік пен жанашырлық сезімін ұялататын тәрбиелік мәні зор шара ретінде басқа да сотталған азаматтарға үлгі болатынына сенеміз,- дейді Шалқар аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Ақгүл Айымбетова.

Айта кетейік, аталған іс-шара Шалқар аудандық пробация қызметімен ұйымдастырылған кезекті көмектің бірі ғана. Облыс аумағына қар қалың түскен күннен бастап, Шалқар аудандық пробация қызметі Ұлы Отан соғысы ардагерлері және жалғызбасты зейнеткерлердің аулаларын қардан тазартуда көмекке қол ұшын созған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. НургульДаохановп :

    👍👍👍

Жауап қалдыру