Павлодарлық полицейлер тұрмыстық салада жасалған құқық бұзушылықтарды анықтады
Павлодар облысында полицейлер тұрмыстық салада жасалған 310 құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– 2021 жылғы 26-28 ақпан аралығында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы режимінде жұмыс істеді. Бұл іс-шара өмірдің барлық саласында, соның ішінде отбасылық – тұрмыстық, қылмыс жасауға бейім адамдарды анықтау және есепке қоюға, тұрмыстық салада қылмыс жасауға және құқық бұзушылыққа жол бермеуге бағытталған, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Полиция қызметкерлері іс-шараны өткізу нәтижесінде әр түрлі санаттағы 2,5 мыңға жуық азаматты тұрғылықты жері бойынша тексерді. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 310 азамат жазаланды. Мас күйінде қоғамдық орындарда ішіп-жегені үшін 141 азамат жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмаған балалары түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болған 43 ата-ана анықталды, 19 ата-анаға қатысты кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін хаттамалар жасалды.
– 18 павлодарлық қорғау нұсқамасының талаптарын бұзды. Алдын алу іс – шараларын жүргізу кезеңінде «маскүнем» санаты бойынша 48 адам, 18 – «нашақор» және 15 – «қолайсыз отбасы» анықталып, есепке қойылды – деді Жасқайрат Қайыров.
Павлодар облысының полицейлері азаматтарға құқық бұзушылықтар, қылмыстар жасауға жол берілмейтіндігін еске салып, отбасылық-тұрмыстық проблемаларды тек бейбіт жолмен шешуге шақырады. Қылмыстың жасалуының куәгері болған немесе отбасында зорлық-зомбылық жасау жағдайлары туралы ақпараты бар азаматтар «102» телефоны арқылы немесе «Police102» немесе тікелей учаскелік полиция инспекторына хабарласуларыңызды сұраймыз.