Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында клинингтік компания қызметкерлері сауда үйінен азық-түлік ұрлаған

Ақмолалық полицейлер сауда үйінен азық-түлік ұрлады деген күдікпен клинингтік компанияның қызметкерлерін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 1 наурызда Қосшы кентінің полиция бөліміне Қосшы ауылының «Лесная поляна» тұрғын үй массивінің 30 жастағы тұрғынынан 21-26 ақпан аралығында белгісіз біреулердің «Magnum Cash&Cary» ЖШС сауда кешенінен азық-түлік ұрлағаны туралы шағым келіп түсті. Шығын сомасы 27 мың теңгеден асады.

Аталған факт бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 187-бабымен (Ұсақ-түйек жымқыру) сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері дүкенді толық тексеріп, қылмыс орнынан саусақ іздерін алды, аталған дүкеннің барлық қызметкерлерінен жауап алып, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеді.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен клинингтік компанияның 51 және 52 жастағы екі қызметкерін анықтады, оларды сауда үйінің әкімшілігі ғимаратты жинау үшін жалдаған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру