Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер коронавирусқа қарсы вакцина алуды бастады

Ақмола облысының Полиция департаменті госпиталінің мәліметтеріне сәйкес, оларға «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алғашқылардың бірі болып екпе алғандар қатарында  Полиция департаментінің бастығы мен оның орынбасарлары бар. Бүгінгі таңда вакцина алғандар тізімінде 50-ден астам адам бар. Бұл патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары, олар алдыңғы шепте қызмет етеді және басқа қызметтердің қызметкерлеріне қарағанда халықпен тікелей қарым-қатынаста болады.

Айта кету керек, COVID-19 дертіне байланысты 11 мыңға жуық тәртіп сақшысы тексерілді, олардың шамамен 3%-да вирус анықталды.

– Медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға вакцина егілмейді. Ал денсаулығында кінәраты жоқ қызметкерлер бүгін осы вакцинаны ала бастады, – деп атап өтті госпиталь бастығы Анаргүл Мұхитқызы Мұқашева.

– Коронавирусқа қарсы вакцинация басталғанын хабарлаған кезде, мен оны алғым келетінін бірден айттым. Өткен жыл денсаулықтан маңызды ештеңе жоқ екенін көрсетті. Біз азаматтармен тікелей байланыс жасаймыз, мен күн сайын жол қозғалысына қатысушылармен жұмыс істеймін. Вакцина-бұл менің денсаулығымды ғана емес, айналамдағылардың да денсаулығын қорғау жолы, – деді патрульдік полиция батальонының 5-взводының командирі Данияр Аманжол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру