Белгісіз абоненттермен телефон арқылы сөйлесу кезінде өзін қалай ұстау керек
Алматы Полиция департаменті қала тұрғындарына белгісіз абоненттерден қоңырау шалып, өзін банк қызметкерімін деп таныстыратындармен телефон арқылы сөйлесу кезінде өзін қалай ұстау керектігі туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осыған байланысты, Алматы қаласының тұрғындарына банк қызметкерлеріне және басқа адамдарға телефон арқылы сөйлесу кезінде банк туралы ақпаратты ешқашан жарияламауды ескертеміз.