Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде есепте тұрған сотталғандар ауыл тұрғындарымен спорттық сайысқа түсті

Ақтөбеде пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар ауыл тұрғындарымен спорттық сайысқа түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ырғыз аудандық пробация қызметі есепте тұрған сотталғандарды аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ауыл тұрғындары үшін ұйымдастырған спорттық мәдени іс-шарасына қатыстырды.

Қазақ поэзиясының әйгілі тұлғасы, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай өткізілген іс-шарада сотталған азаматтар “Кір тасын көтеру”, “Арқан тартыс” және “Қол күресінен” сайысқа түсті.

– Есепте тұрған сотталғандардың қоғаммен араласуы, өздерінің қоғамға қажет екендіктерін сезінуі – олардың қоғамға тез бейімделуіне және жауапкершілікті сезінулеріне көмектеседі. Сондықтан сотталған азаматтарды осындай спорттық мәдени іс-шараларға алдағы күндері де қатыстыратын боламыз, – дейді Ырғыз аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Есет Әбдіразақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру