Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкенде тұрғынның әмиянын ұрлаған шымкенттік әйел полицияға жеткізілді

Шымкент қаласында тәртіп сақшылары ұрлық жайтына күдікті азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қаладағы әйелдер киім дүкенінде орын алған ұрлық жайтына қатысы бар күдіктіні ұстады. Еңбекші ауданы Полиция басқармасына 21 жастағы азаматша арызданған. Онда қаладағы әйелдер киім дүкендерінің бірінде орындықта тұрған сөмкесінің ішінен әмиянын алып, ішінен құны 300 мың теңге тұратын бриллиант тастары бар бір дана сырғасын белгісіз біреу ұрлап кеткенін көрсеткен.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 1989 жылы туған Шымкент қаласының тұрғынын ұстады.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Айғақты заттар тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру