Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарудың рұқсат ету мерзімін өткізіп алған шымкенттіктерге хаттама толтырылды

Шымкент қаласында ағымдағы жылдың ақпан мен сәуір айының аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталмыш іс-шара барысында Ішкі істер органдарында тіркеудегі 6282 қару иесінің әзірге 4407-і (70%) тексерілді. Оның 133-і әкімшілік шара ретінде көрілді.

Атап айтсақ,
– Абай аудандық Полиция басқармасына қарасты 1397 қару иесінің 917-і тексеріліп,оның 32-сіне әкімшілік хаттама толтырылды;

– Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына тіркелген 1443 қару иесінің 998-і тексерілсе, 40 қару иесіне әкімшілік хаттама толтырылды;

– Еңбекші аудандық Полиция басқармасына қарасты тіркелген 1685 қару иесінің 1020-і тексерілді, әкімшілік шара қолданылғандар саны 24.

– Қаратау аудандық Полиция басқармасына тіркелген 1018 қару иесінің барлығы тексерілген. 32 адам әкімшілік айыппұл арқалады.

– Шымкент қаласының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасына тіркелген 739 қару иесінің 454-і тексеріліп, бес хаттама толтырылды.

Әкімшілік хаттаманың басым бөлігі қарудың рұқсат ету мерзімін өткізіп алғандар.

«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде заңсыз айналымнан – 12 бірлік қару алынды.Оның- бесеуі – отты, біреуі – қолдан жасалған, біреуі – газды, біреуі – сигналдық, үшеуі – пневматикалық, үше дана снаряд, екі дана суық қару болатын. Ал бір дана оқ-дәрі алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру