Шымкентте оңай олжаны ойлағандар қолға түсті
Шымкентте жоғалған малын тауып берген тұрғын полицейлерге алғысын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Белгісіз біреу бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында мал жайылымында жайылып жүрген құны 200 мың теңгені құрайтын екі бас бұзауын ұрлап кеткен.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оңай олжаны көздеген күдіктілердің ізіне түсіп, жайылымнан қолды еткен күдіктілерді ұстады. Екі бас бұзау мал иесіне қафтарылды. Малын тауып берген полиция қызметкерлеріне мал иесі ризашылығын білдіріп, өз алғысын жеткізді. Қала аумағында мал ұрлығының алдын алу, ашу бағытындағы шаралар күшейтілген.