Шымкенттік тергеу басқармасының бастығы жас тергеушілермен кездесу өткізді
Шымкенттік тергеу басқармасының бастығы жас тергеушілермен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Д.Абдраманов ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын тәмамдаған жас мамандармен кездесу өткізді. Кездесу барысында жас тергеушілер аталған басқарманың жұмысымен танысты.
Басқарма басшысы қылмыстық істерді тергеу кезіндегі тәжірибесімен бөлісіп, жас сала өкілдерінің жұмысына сәттілік тіледі.
Жас мамандар арасында кәсіби шеберлікті арттыру, патриоттық тәрбие қалыптастыру, сондай-ақ өзіндік тәжірибемен бөлісу мақсатында басқарма басшылығымен осындай кездесулер тұрақты түрде ұйымдастырылады.