Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте пәтерді тәулікке жалға беру бойынша рейдттік іс-шаралар жүргізілді

Шымкентте пәтерді тәулікке жалға беру бойынша рейдттік іс-шаралар жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына қарасты №21 учаскелік полиция пункті қызметкерлері және Жедел қимылдайтын арнайы жасағының өкілдерімен Желтоқсан көшесі 17 үй аумағында жалға берілетін пәтерлер бойынша рейдтік іс-шара жүргізілді.

Шара барысында жалға пәтер беруші азаматтарға және жалға пәтер алған азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жеке бастарын анықтау үшін тоғыз адам жеткізіліп, қол-саусақ іздері алынды. Ал екі азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) және ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 

– Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы қызметкерлерімен жалға берілетін пәтерлер мен үйлерде тұратын адамдардың тиісті құжаттарын және тіркелуін тексеру бойынша іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі, – деді №21 учаскелік полиция пунктінің қызмет инспекторы Асқар Бекшігітов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру