Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер, прокурорлар және сот орындаушылар бірлескен рейд өткізуде

Қызылордада полицейлер, прокурорлар және сот орындаушылар бірлескен рейд өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарынан бастап Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы, қалалық прокуратура және жеке сот орындаушылары бірлесіп, «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Аталмыш шараның мақсаты – әкімшілік құқық бұзушылықтарға салынған айыппұлдарды төлемей жалтарып жүрген борышкерлерден айыппұл өндіру.

Бүгінгі күнге дейін 7 млн 200 мың теңге көлемінде айыппұлдары бар борышкерлердің 10 автокөлігі айып алаңына қойылды.

Сонымен қатар, шара барысында сақтандыру полисі жоқ және жалған мемлекеттік белгі тағып, көлік құралын басқару деректері де анықталды.

Анықталған әрбір құқық бұзушылық бойынша көлік жүргізушілеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті шаралар көрілуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру