Байқоңырда көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші қайтадан мас күйінде көлік тізгіндеген
Байқоңырда көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 наурызда Байқоңыр қаласының көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған жеңіл автокөлікті тоқтатты. Автокөлікті басқарып келе жатқан 45 жастағы облыс тұрғыны болып шықты. Тексеру барысында бұл азаматтың 2020 жылғы 20 қыркүйекте 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны, алайда көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіргені анықталды.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.