Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері алаяқтың жеке басын әшкерелеуге көмектесуді сұрайды

Түрксіб ауданының полицейлері өзін автокөлік жөндеуші ретінде таныстырып, жәбірленушілердің ақшаларын иемденіп, алаяқтықпен айналысқан адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Күдіктінің жеке басын куәландыратын құжаттар табылған жоқ. Ол өзін 32 жастағы Қырғызстан азаматымын деп таныстырды. Алайда, біз оның шынайы жеке деректерін қасақана жасыруы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Осыған байланысты біз алаяқтың жеке басын анықтауға көмектесе алатын  азаматтарды 298-54-62, 8-701-758-67-60 және 8-775-718-35-05 телефондарына хабарласуға шақырамыз, – деді Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Жасұлан Тұрыспаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру