Өскеменде алаяқ жергілікті тұрғынның сеніміне кіріп, жарты миллион теңгесін қалтасына басқан
Өскемен тұрғыны жұмысқа тұру үшін алаяққа жарты миллион теңге берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурыз айының басында Өскемен қаласының ПБ «102» жедел арнасына 27 жастағы ер адам 2020 жылдың басында танысының оны жұмысқа орналастырамын деген сылтаумен 500 000 теңге ақшасын иемденгенін хабарлады.
– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 28 жастағы қала тұрғынын полиция бөліміне жеткізді, ол жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.