Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлерге коронавирустық инфекциядан вакцинация жүргізілуде

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің жеке құрамын коронавирустық инфекциядан вакцинациялау жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірінші кезеңге қарсы көрсетілімдері жоқ қызметкерлер жіберілді.

Бірінші кезекте халықпен тікелей қарым-қатынас жасайтын және жұқтыру қаупі жоғары сыртқы қызметтерге вакцинация жүргізілуде. Олардың ішінде учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция, ювеналдық полиция және басқа да қызметтер бар.

Вакцинация жүргізілместен бұрын медициналық қызметкерлер дененің қызуын және қан қысымын өлшеу арқылы міндетті медициналық тексерістер өткізді. Дәрігерлердің айтуынша вакцина алған тұлғалар медициналық бақылауда болады, олар айналасындағылар үшін қауіп тудырмайды және қызметін жалғастыра береді.

«Медициналық тексерістен өткеннен кейін вакцинаның бірінші компонентін алдым. Өзімді жақсы сезінемін, жұмыс орнындамын. Инфекцияға қарсы күресте вакцинаның көмегі тиеді деген сенімдемін. Пандемия басталғалы бері полиция қызметкерлері экстремалды жағдайларда қызмет атқарды және олар жұқтыру қаупі жоғары санаттағылардың қатарында болды», – дейді вакцина алған Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Айбек Құрамысов.

Қызметкерлерге вакцинация жүргізу кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру