Шымкентте 11 қылмыскер құрықталды
Шымкентте «Іздестіру» операциясы барысында 11 қылмыскер құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының ІІМ нұсқауына сай Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ІІМ арасында қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес 2021 жылдың 17-18 наурыз аралығында республикадан тыс жерлерде жасырынып жүрген қылмыскерлерді іздестірудің тиімділігін арттыруға бағытталған «Іздестіру» бірлескен операциясы өткізілуде.
«Іздестіру» операциясының бірінші күні Шымкент қаласында барлығы 11 қылмыскер құрықталды. Сондай-ақ, хабар-ошарсыз жоғалған жеті азамат табылды.
Жалпы бұл іс-шараның негізгі мақсаты – қылмыстың алдын алу және із-түзсіз жоғалғандарды іздеу, қылмыстық жағдайды жақсарту, қылмыстың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады.