Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантиндік шектеулерді бұзу жайттары анықталуда

Шымкентте карантиндік шектеулерді бұзу жайттары анықталуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы бойынша кәсіптік нысандарда карантин режимінің сақталуын бақылауға алу мақсатында мобильді топ құрылып, тұрақты жұмыс атқарылуда. Карантиндік шектеулерді елемей, жұмысын жалғастырып жатқан кәсіпкерлік нысандар толастар емес.

Мәселен, Еңбекші ауданы бойынша жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Тәуке хан даңғылы №330 үйде орналасқан Фиркан-сити мекемесі аумағында орналасқан «VIBE» карантиндік талаптарды сақтамай келушілерді қабылдап, бетперде, антисептик, дене қызуын өлшейтін құрылғыларды мүлдем пайдаланбайтындығы анықталды. Бір үстелде келушілер корқор тұтынып, бір үстелде сегіз адамның жиын өткізіп жатқаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары жұмысын алаңсыз жалғастырған нысан иесінен түсініктеме алды. Аталған жайт бойынша Еңбекші ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру