Алматы облысында пробация есебінде тұрған сотталғандармен дөңгелек үстел өткізілді
Алматы облысында мүдделі қызметтердің қызметкерлерінің қатысуымен пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған тұлғалармен дөңгелек үстел өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облыстық прокуратурасының бастамасымен өткізілген кездесуге Кеген ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ және Алматы облысы бойынша ҚАЖД Кеген аудандық пробация қызметінің қызметкерлері және Кеген ауданының ПБ қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстел басында пробация есебінде тұрған жұмыссыз тұлғаларды тұрақты жұмысқа тарту, оқуға жіберу, несие аламын деушілерге қолдау көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
– Есепте тұрған тұлғалардың алтауы «Бастау бизнес» жобасы бойынша грант алу үшін оқуға тіркелді, бір адам ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырылды. Алдағы уақытта да мұндай жұмыстар өзі жалғасын табады, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.