Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйде көлік жүргізген шымкенттік жауапқа тартылды

Шымкентте автокөлікті масаң күйде басқарған жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 19 наурызында Шымкент қаласындағы көше қиылысының бірінде масаң күйде «Нексия» маркалы автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, полиция қызметкеріне бағынбай жолдың қарсы бағытына шыққан. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен аталған көлік тоқтатылып, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы), 599-бабы (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту), 596-бабы 3-бөлігі (Жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу) және 613-бабы (Ішкі істер (полиция) органдары қызметкерінің талаптарын орындамау) бойынша төрт әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру